Әссәләмуғалейкум! Бір сұрақ сұрайын деген едім. Сұрағым мынадай: Бір досым бесін намазына ниет етіп келе жатып, «асыр намазын оқымаққа» деп тілмен айтып қойыпты. Осыған шариғат не дейді? Мухтар Т.
Іштей бесін намазына ниет еткен кісі тілімен «асыр намазын» деп айтса, намазы дұрыс па?
|

Уағалейкум әссәләм! Құрметті Мухтар, ниет дегеніміз - қандай намазды оқитыныңызды іштей нақты білу деген сөз. Маңыздысы - іштегі жасалған ниет. Сондықтан іштей бесін намазын оқитынын біліп тұрған кісі шатасып, басқа намазды тілге алған болса дағы ниеті дұрыс. Оқыған бесін намазын қайтадан оқуының қажеті жоқ.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Дәрет алуға да, таяммум соғуға да мүмкіндік болмаса, не істейді?

■
Көлікте тиләуәт сәждесін оқыса, сәжде қалай жасайды?

■
Ашура күнгі оразаны ұстап жүріп, абайсызда су жұтып қойдым. Осы күнді соңына дейін ұстау керек пе?

■
Ауруханада тамақтың халал екенін білмейміз, берген асын жей беруге бола ма?