Әс-Сәләмуь аләйкум! Ұстаз, кішкентай балалардың тісі түскенде, ол тісті не стеу керек тісін!
|
Кішкене баланың түскен тісін не істеу керек?
|
Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Кейбір Ислам ғалымдары адамның дене мүшелерін көмілгенін құп көреді. Мысалы, алған шашы, тырнағы, қан т.б. Көмудің үкімі мұстахаб. Сахаба Мәшрахтың қызы Миль былай деп хадис жеткізген: «Әкемнің тырнағын алып, оны көмгенін көрдім және ол: «Алла елшісі (с.а.у.) осылай істегенін көрдім» дейтін».
Ендеше, осы хадистен шабыттана келе, түскен тісті де мүмкіндік болса, қоқысқа тастағаннан гөрі жерге, яғни, топыраққа көме салған абзалырақ және құптарлық іс дейді дін мамандары. Әйтсе де, қоқысқа тастаса немесе лақтырып жіберсе де күнәсі жоқ. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
«Анасының маңдайынан сүйген бала тозаққа түспейді» деген хадис рас хадис па?
■
Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?