Мархұм үшін қандай дұға оқысам болады?
|
Мархұм үшін қандай дұға оқысам болады?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Мархұм үшін хадистерде келген келесідегідей дұғаларды оқуға болады:
اللهم إنْ كَانَ مُحْسِنًا فَزِدْ فِي إِحْسَانِهِ وَإِنْ كَانَ مُسِيئًا فَاغْفِرْ لَهُ وَلَا تَحْرِمْنَا أَجْرَهُ وَلَا تَفْتِنَّا بَعْدَهُ
Транскрипциясы: «Аллаһумма ин кәәнә мухсинән фәзид фии ихсәәниһи, уә ин кәәнә мусии-ән фәғфир лаһу, уә ләә тахримнәә ажраһу, уә ләә тәфтиннәә ба’дәһу». (Табарани, "ад-Дуъа").
Аудармасы: «Уа, Алла! Егер ол жақсылық жасаушы (ізгі) жан болғон болса, оның жақсылықтарын еселей түс. Ал егер ол қателік-күнә жасаушы болған болса, оны кешір. Бізді оның сауабынан мақұрым қалдырма және одан кейін бізді бүлікке (азғыруға) салма».
“اللهم اجعل قبره روضةً من رياض الجنة، ولا تجعل قبره حفرةً من حفر النار
Транскрипциясы: «Аллаһумма-жъал қабраһу раудатан мин риядил жәннәһ, уә ләә тәжъал қабраһу хуфратан мин хуфарин ниираан».
Аудармасы: «Уа, Алла! Оның қабірін Жәннат бақшаларының бір бақшасы еткейсің, оның қабірін тозақ шұңқырларының бір шұңқыры қылмағайсың».
للَّهمَّ اغفرْ لَهُ وارحمهُ ، وعافِهِ واعفُ عنهُ ، وأكْرِم نُزَلَهُ ، ووسِّع مُدَخلَهُ ، واغسلْهُ بالماءِ والثَّلجِ والبَردِ ، ونقِّهِ منَ الخطايا كما نقَّيتَ الثَّوبَ الأبيضَ منَ الدَّنسِ ، وأبدِلهُ دارًا خَيرًا مِن دارِهِ ، وأهلًا خَيرًا مِن أهلِهِ ، وزَوجًا خَيرًا مِن زَوجِهِ ، وأدخِلهُ الجنَّةَ ونجِّهِ منَ النَّارِ ـ أو قالَ ـ : وأَعِذْهُ مِن عذابِ القبرِ
Транскрипциясы: «Аллаһумма-ғфир лаһу уархамһу, уә ъаафиһи уаъфу ъанһу, уә әкрим нузуләһу, уә уәссиъ мудхаләһу, уағсильһу бил-мәә-и уәс-сәлжи уәл-бәрәд, уә нәққиһи минәл хат̣аая кәмә нәққайтәс-сәубәл-aбяда минәд-дәнәс. Уә әбдильһу дәәрән хайран мин дәәриһи, уә әһлән хайран мин әһлиһи, уә зәужән хайран мин зәужиһи, уә әдхильһуль жәннәтә уә нәжжиһи минән-нәәр, уә әъиз-һу мин ъазаабиль қабр». (ән-Нәсәии).
Аудармасы: «Уа, Алла! Оны жарылқа, оған рақым ет, оны (қабір қиындықтарынан) аман сақта және күнәларын кешір. Оның баратын жерін сыйлы етіп, кіретін орнын (қабірін) кеңейт. Оны сумен, қармен және бұршақпен жу (яғни күнәлардан тазарт). Киімді кірден тазартқандай, оны да қателіктерінен тазарт... Оны Жәннатқа кіргізіп, Тозақ отынан құтқар және қабір азабынан сақта».
islam.kz