«Мира» есімінің мағынасы қандай?
«Мира» есімінің мағынасы қандай?
3 жыл бұрын 8095

Сәлеметсіз бе! Менің жақында сіңілім болады. Оған «Мира» деген атты қойсам ба, деген едім. Мира деген есімнің мағынасы қандай? Ақбота.

Сәлеметсіз бе!

«Мира» есімі нәзік жандыларға тән есім екендігі мәлім. Біраз ұлттар бұл есімді өздерінің қыздарына қойып жатады. Және де, әр ұлтта өзіндік әр түрлі мағынасы бар. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Мира есімінің ағылшын тіліндегі мағынасы - «мүмтәздай», «көркем» деген мағыналарға сайса, албан тілінде «мол жақсылық», «бақ» деген ұғымдарға, ал ескі иврит тілінде «жарық», «сәуле» деген мағыналарды беретін ұқсайды.

Әйтсе де, өзіміздің тарапынан, бұл есімнің араби немесе фариси тілден бастау алатындығын айтқымыз келеді. Мысалы, парсы тілінде «Мир» есімі бар. Бұл «Әмир» сөзінің қысқартылған түрі. Сонда «Мира» есімі – араб тіліндегі «әмира» (أميرة) сөзінің әйел тегіндегі нұсқасы болып, «басшы әйел», «ханшайым» деген ұғымды білдірмек. 

Осы жөнінен қарағанда, «Мира» есімі біздің халықта көбіне «Эльмира» (الميرة) нұсқасымен танымал деуге негіз бар. Яғни, «Эльмира» - басына «әль» артиклі қосылған нұсқасы болса, «Мира» - артиклсіз нұсқасы. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым