Намазда тұрғанда ауызбен бір нәрсені үрлесе намаз бұзыла ма? Яғни "үрлеу намазды бұзады, себебі ол сөйлеген секілді" деп естіп ем. Рас па? Нұрлыбек.
|
Намаз оқып тұрып бір нәрсені үрлесе, намазы бұзыла ма?
|
Намаз оқып тұрған кісі бір нәрсені құлаққа естілердей дауыс шығарып үрлесе, намазы бұзылады дейді Имам Ағзам Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммед (Алла ол екеуінен разы болсын). Ал, дауыс шығармай, естілмейтіндей үрлесе, намазы бұзылмайды, бірақ мәкруһ болады.
Имам Әбу Юсуф бойынша, екі жағдайда да намаз бұзылмайды, өйткені «үрлеу» - адамдардың әдет-ғұрпында «сөз» болып саналмайды, ол да еріксіз жөтелу , аздап тамақ қырнау сияқты дейді Ол (рахимаһуллаһ).
Алайда, Ханафи мәзхабында дұрыс деп, Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммедтің тұжырымы қабыл етілген[1]. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
[1] Алауддин ас-Самарқанди: «Тухфәтуль Фуқаһа».
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?