Әссәләму алейкум! Бір таныстың үйіне «иншаАлла, бармаймын» деп ант еттім, антымды бұзуға бола ма? Анон.
|
«Оның үйіне бармаймын, иншаАлла» деп ант етсем, антымды орындау шарт па?
|
Әлхамдулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Антты «иншаАлла» сөзін қосып айтқан болсаңыз, антыңыз саналмайды. Сол үшін танысыңыздың үйіне барсаңыз антыңызды бұзған болмайсыз. Бұл жайында Алла елшісі (с.а.у.) былай деген: «Кім ант етіп (артынша) «иншаАлла» десе, ол (райынан қайтқан жағдайда) антын бұзған болмайды»1.
1 - مَنْ حَلَفَ على يَمِينٍ فقال : إنْ شاءَ اللهُ ، فلا حِنْثَ عليهِ (Имам Тирмизи: «Сүнән»). Хасан.; Әбу Дәуід: «Сүнән»).
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?