Егер күйеуі келісілген мәһрді бермей тұрып о дүниелік болса, мәһр мойнынан түсе ме?
|
Егер күйеуі келісілген мәһрді бермей тұрып о дүниелік болса, мәһр мойнынан түсе ме?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Ханафи фиқһ кітаптарында былай делінеді:
وَمَنْ سَمَّى مَهْرًا لَزِمَهُ بِالدُّخُولِ وَالْمَوْتِ، وَإِنْ طَلَّقَهَا قَبْلَ الدُّخُولِ لَزِمَهُ نِصْفُهُ
«(Некеде күйеуі) мәһрді атаған болса, оны беру - жыныстық қатынасқа түсумен және (екеуінің біреуінің) дүние салуымен міндет болады. Егер жыныстық қатынасқа түспей тұрып некелескен әйелін талақ етсе, атаған мәһрдің жарымын беру міндет болады».1
Демек, күйеуі келісілген мәһрді бермей тұрып о дүниелік болып кетсе, мәһр артында қалдырған мұрасынан алынып беріледі.
1 Имам Мәусули: «әл-Ихтияр», 3\91 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?