Ассалаумағалайкум! Мысалға, Құптан намазының уақыты сапарда жүргенде кіріп, құптан уақыты шықпай тұрып өз ауылы, елі, үйіне жетіп құптанды оқыса, қалай оқиды? Сапар қылып па, әлде қалыпты толық намаз қылып па? Алдын ала рахмет.
|
Сапардан үйіне келе жатып, жолда Құптан уақыты кірсе, уақыты шықпай тұрып үйіне жеткенде қалай оқиды?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сапардан үйіне келе жатып, жолда Құптан уақыты кірсе және уақыт шықпай тұрып өзінің тұрақты елді-мекеніне кірсе (немесе он бес тәуліктен көп уақытқа қалуды жоспарлаған бір елді-мекенге кірсе), ол кісі жолаушы үкімінен шығатындықтан, құптан намазын төрт рәкәғат қылып, әдеттегідей оқиды. Бірақ жолда құптанды қысқартып оқып алса, ол кісі ауылына жеткеннен соң, уақыт бар болса да құптанды қайта оқымайды, жолда оқыған құптан намазы есептеледі. Бұл айтқандарымыз "Бесін" мен "Екінті" намаздарына да қатысты.
Және де осыған қатысты мынаны да айта кетелік: жолда төрт рәкәғаттық намазының бірі қаза болса, тұрақты елді-мекеніне келгенде қазасын өтейтін кезде, қысқартып өтейді.
Өзекті сұрақтар
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?