Дінде беттегі әжімді құрту үшін бетке инъекция салдырса бола ма?
Дінде беттегі әжімді құрту үшін бетке инъекция салдырса бола ма?
2 жыл бұрын 3308

Ассаламуалайкум! Бетке инъекция салдыруға бола ма? Беттегі әжімдерді кетіреді, бетті тартады т.б. Витамин болғандықтан шариғатқа қарсы емес деп жатады. Қаншалықты дұрыс?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Халықаралық Ислам фиқһ кеңесінің 2007 жылы «эстетикалық хирургия» тақырыбы төңірегінде қабылдаған қаулысында мынадай пункт бар:

  • Хирургиялық жолмен немесе инъекция жолымен әжімдерді кетіруге болмайды, егер ол әжім – әлдебір ауру себепті туындамаған болса (ауру себепті болған жағдайда залалы болмау шартымен рұқсат)[1].

Ендеше, ерте қартаю сырқаты сияқты үзір жағдайлардың салдарынан мезгілінен бұрын пайда болған беттегі әжімдерді хирургиялық немесе инъекция арқылы жоюдың күнәсі болмас, ал қартайғанын жасыру үшін, егде жасқа келсе де жас көріну үшін беттегі әжімдерді кетіру мақсатында инъекция жолына жүгініп жатса, онысы «әсемдік үшін Алланың жаратылысын өзгерту» болып саналатындықтан, шариғатта құпталмайтын іс. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Мәжмаъуль Фиқһиль Исләми әд-Дуәли, 2007 жылы Малазия елінде өткен кезекті отырыс.

Абдусамат Қасым