Діни тұрғыда ем үшін қоңыз жеуге бола ма?
Діни тұрғыда ем үшін қоңыз жеуге бола ма?
6 ай бұрын 2562

Ассаламу алейкум! Қазіргі кезде әлеуметтік желіде алтын қоңызды көптеп жарнама жасап жатыр. Дінімізде қоңыз жеудің үкімі қандай? Нұржігіт.

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабында және Шафиғи мен Ханбали мәзхабтарында қоңыз жеу харам1. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: وَيُحَرِّمُ عَلَيْهِمُ الْخَبَائِث - «Ол сендерге жаман, жиіркенішті нәрселерді харам қылды» делінген. («Ағраф», 157). Және де қоңыз секілді жәндіктер мен құрт-құмырсқалардың бәрі жеуге жарамсыз, арам саналады. Ал енді алтын қоңызды ем үшін жеуге бола ма? - деген сауалыңызға айтарымыз, егер аталмыш қоңыз түрі расында да шипалы екендігі медицина ғылымында нақтыланған болса және өзге орнын басар дәрі табылмаса, Ханафи мәзхабы бойынша қолдануға болады. Ал шипалы екендігі медицинада нақтыланбаса, қолдануға болмайды2. Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1 Мәліки мәзхабында қажет кезде қоңызды жеуге рұқсат.
2Ескілікті Ханафи фиқһ кітаптарында былай делінген: «Харам нәрседе шипа бары білінсе, әрі одан өзге дәрі табылмаса, қолдануға рұқсат»; «Егер, мұсылман дәрігер харам заттан тез емделесін деп айтса, ол жағдайға қатысты екі пікір бар (бірінде – рұқсат; екіншінде - рұқсат емес, адал затты қолдану керек)». (Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтар – 7/480 бет). 

Абдусамат Қасым