Ем үшін тырнаққа арнайы жасалған лакты жақсам, дәретке кедергі ме?
Ем үшін тырнаққа арнайы жасалған лакты жақсам, дәретке кедергі ме?
8 жыл бұрын 5833

Әссәләмуғалейкум! Маған дəрігер «онихомикоз» (ногтевой грибок) деп диагноз қойды. Емінің бірі - (басқа да дəрілермен бірге) тырнаққа арнайы лак жағу. Оны жағар болсам, алынған дəретім толық болып санала ма? Не істесем болады? Гүлзира

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабының ғұламасы, хадисші әрі фиқһшы Имам әл-Маусули өзінің «Ихтияр ли Тағлилиль Мухтар» атты еңбегінде былай деген:

«...Егер аяғының жарылған [1] жеріне дәрі жақса және жағылған дәріден теріге су жұқпайтын болса, дәрінің үстінгі бетінен судың ағуы жеткілікті»[2].

Демек, аталмыш медициналық лакты ем үшін жағатындықтан, тырнақ астына судың өтпеуі дәретке кедергі емес. Аяқ жуғанда үстіңгі бетінен судың ағуы жеткілікті.

«Судың тиюі де зиянды» - десеңіз, онда, әлгі  жеріне мәсіх тартылады да, сау жерлері жуылады. Ал, егер мәсіх тарту да залалын тигізсе, таңғышпен таңып, таңғыш үстінен мәсіх тартылады.  


[1] http://www.almaany.com/home.php?language=arabic
[2] Маусули, Ихтияр, 1-том, 98 бет.

Абдусамат Қасым