Неге түнде айнаға қарауға болмайды?
Неге түнде айнаға қарауға болмайды?
5 жыл бұрын 19576

Түнде не себепті айнаға қарауға болмайды дейді? Нұркен

Түнде айнаға қараудан сақтандыратын хадис не сахаба сөзін кездестірмедік. Діни тұрғыдан зияны жоқ. Бірақ, «ат-Тыббун Науауи» атты кітапта мынадай мәлімет орын алған екен. Онда кітап авторы (Ибн Қайюм) «Ибн Мәсәуайх» атты 9 ғасырда өмір кешкен медицина саласының білгірі, формацевт христиан ғалымының сөзін келтіреді. Әбу Зәкәрия Ибн Мәсәуайх былай деген екен: «Кімде-кім, түнде айнаға қарап, соның салдарынан бет жүйкесінің салдығына (паралич лица) дұшар болып жатса, немесе әлдебір ауруға тап болса, өзінен көрсін»[1].

Пайғамбарымыз айнаға қарағанда былай деп айтатын:

" اللَّهُمَّ كَمَا حَسَّنْتَ خَلْقِي ، فَحَسِّنْ خُلُقِي "  

«Аллаһумма кәмә хәссәнтә холқии, фәхәссин хүлуқии».

Мағынасы: «Аллаһым, жаратылысымды көркем еткеніңдей, әдебімді де көркем еткейсің»[2].


[1] Ибн Қайюм әл-Жәузия: ат-Тыйббун Нәбәуи.
[2] Имам Ахмад: әл-Мүснәд.

Абдусамат Қасым