Ассалаумағалейкум! Ғұсыл алған кезде ниет етуді ұмытып кетіп, ғұсылдың соңында ниет етсе, ғұсыл дұрыс бола ма?
|
Ғұсылда ниет етпесе, қайта ғұсылдану керек пе?
|
Уағалейкумуссәләм!
Ғұсыл мен дәретте «ниет» ету – сүннет амалына жатады1. Бұл дегеніміз, ниет еткен жақсы, бірақ ниет етпей шомылса да ғұсылы дұрыс. Тіпті «ғұсылсыз» екені есінен шығып кетіп, жай шомылған болса да ғұсыл алған болып есептеледі. Ғұсыл мен дәретте ниет шарт емес. Алайда, ниет еткен абзалырақ. Өйткені, ниет ету арқылы ғұсылы құлшылық сипатын алып, онысына сауап жазылады. Ниетті: «Алла ризалығы үшін ғұсыл алуға ниет еттім, Халисалилләһи Таалә» деп айтса болады. Осы тұрғыда айта кету керек: ауызша айтпай, іштей ғұсылсыздықтан арылу үшін шомылу да ниет болып есептеледі.
1Имам Шүрунбүләли: «Мәроқиль Фәләх». - Ғұсыл.