Қолға клей жабысып кетпей қойса, дәретке кедергі бола ма?
Қолға клей жабысып кетпей қойса, дәретке кедергі бола ма?
3 жыл бұрын 9976

Ассаләмуғалейкум! Супер клей теріге жабысып қалды, оны кетірмейінше дәрет алсаң дәрет бар деп есептелмейді ме? Бека.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қолға жағылған желімді кетіру жолдарын қолданып кетіруге тырысу керек. Мысалы, жабысқан желімді кетіретін арнайы «антиклейді» қолдануға болады. Немесе кез келген май немесе крем жағып, қатып қалған желімді жұмсартып алып тастауға болады. Таза спиртті мақтаға жағып, мақтаны желімнің үстіне 5-10 минут қойып, солай жібітіп алса да болады. Не болмаса, шым-шым сабынды суға 15-20 минуттай салып қойыңыз. Тағы да басқа оңтайлы жолдары болса, соларды қолданып қолдағы қатып қалған желімді кетіргеніңізше кетіруге тырысқан жақсы. Кетпей қойғанға кешірім бар - алынған дәрет-ғұсылы есептеледі. Алла Тағала пендесіне тек күші жететінді ғана міндеттейді.  

Абдусамат Қасым