Мәйітті жуындыру кезінде Құран оқып тұруға бола ма?
Мәйітті жуындыру кезінде Құран оқып тұруға бола ма?
3 жыл бұрын 6099

Әссәләмуғалейкум! Мәйітті жуындыру кезінде тәспих немесе Құран оқуға бола ма? Мәйітті Құран оқып тұрып жууға бола ма? Біләл.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мәйітті жуындыру кезінде қасында Құран оқып тұруға болмайды. Мәкруһ болады. Бірақ, мәйіттің қасында дұға айтса болады. Мысалы, сүйекке кірген кісілер «мәйітті жуу міндетін» атқаруға алдымен іштей ниет етеді. Сосын «бисмилләны» айтып бастайды. Және де жуып болғанға дейін «Ғуфронәкә, Йә Рахман!» деген сөзді қайталап тұрады. (Мағынасы: Сенің кешіріміңді тілеймін»).

Жалпы ереже бойынша, жуылмаған мәйіттің жанында Құран оқу мәкруһ саналған. Алайда мәйіттің жанында емес, өзге бөлмеде оқылатын болса немесе мәйіт жуылып және кебінделіп болғаннан кейін жанында оқылса мәкруһ болмайды.

Абдусамат Қасым