Сырт дәрет алу барысында біреумен сөйлесудің үкімі қандай?
Сырт дәрет алу барысында біреумен сөйлесудің үкімі қандай?
2 жыл бұрын 4083

Ассаляму алейкум! Дәрет алып жатқанда біреу келіп сөйлеп қалса, мен оған жауап қайтарсам дәрет бұзылады ма? Әлде бұл мәкрүһ амал ма? Тоғжан.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сырт дәрет алу барысында қажет болмаса да біреумен сөйлесу – дәреттің әдебіне теріс[1]. Өйткені, дәрет алу кезінде белгілі дұғаларды оқу ұнамды іс, ал дұға айтудың орнынан қажетсіз әңгіме-дүкен құрып тұрса, лайықсыз іс болады. Оның орнына кәлима айтып тұрса, сонысы артық. Бірақ сөйлескен кісіге күнә жазылмайтындығы анық және сөйлескені үшін де дәретін қайта алуының қажеті жоқ. Дәрет алу сәтінде сөйлемеу – мұстахаб амалға жатады. Егер біреуге жауап беру қажет болып тұрса жауап беруге болады немесе біреуге бір нәрсе айту керек болып тұрса, айтуға болады, ал қажеттілік жоқ кезде сөйлемей ойды дәретке және сол дәретпен орындамақ болған ғибадатқа шоғырландырғандығы абзал. 


[1] Имам Шүрунбүләли: «Имдәд».

Абдусамат Қасым