Шәууәл оразасын бұзып алса, не істейді?
Шәууәл оразасын бұзып алса, не істейді?
2 жыл бұрын 3537

Шәууәл оразасын бұзып алса, қалай болады?

Шәууәл оразасын бұзып алған кісі, бір күн қазасын өтейді, бұл уәжіп. Кәффарат қажет емес[1]. Ол күннің қазасын ертесіне ұстаса болады.

Бастаған нәпіл оразасын бұзған жағдайда қазасын өтеу керек дегенге дәлел келтірер болсақ, Айша анамыздан жеткен бір риуаятта, Ол (р.а.) былай дейді:

«Мен және Хафса екеуміз нәпіл ораза ұстаған едік. Бізге ас сыйлады. Біз аузымызды ашып (сол асты жедік). (Алла елшісіне айтқанымызда) Алла елшісі бізге: «Бұл күннің орнына басқа күні ұстаңдар» - деді», - дейді радияллаһу анһа[2].

[1] Өйткені «кәффәрәт» өтеу тек Рамазан айындағы оразаға қатысты, онда да егер әдейі, себепсіз бұзса, ал қателікпен не ұмытып бұзған кісіге кәффарат керек емес, бұл рамазан оразасында. Одан өзге оразаларда әдейі бұзса да кәффарат керек емес, бір күн қазасын өтесе жеткілікті. Мысалы қаза оразаны әдейі бұзған кісі кәффарат өтемейді, сол күнгі қазаны қайта ұстайды.
[2] Ибн Хаббан: «Сахих; Абдурраззақ: «әл-Мусаннаф» т.б.

Абдусамат Қасым