Ақшам намазының уақыты Құптанға таяп қалған болса, ақшамды оқымау керек пе?
Ақшам намазының уақыты Құптанға таяп қалған болса, ақшамды оқымау керек пе?
1 жыл бұрын 7770

Ассалям алейкум! Сұрақ: ақшам намазы кіріп, құптанға таяп қалса, оқымау керек, мәкруһ уақыт, қаза қыласын, деп айтатындарға қандай жауап айтасыз?

Әлхамдулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Құрметті сауал жолдаушы, құптанның уақыты таяп қалса да әлі уақыты шығып үлгермеген ақшам намазын оқып алу керек. Мәкруһ болса да, қазаға қалдыруға болмайды. Мәкруһ деуімнің себебі, ақшам намазын қаранғы бата бастағанға дейін, яғни, құптанның уақыты тақалғанға дейін кешіктіру - мәкруһ саналады. Оны Пайғамбарымыз (с.а.у.) «аспанда жұлдыз көрінгенге дейін кешіктіру» деп айтқан1. Бірақ, мәкруһ болса да, әлі құптан кіре қоймаған болса, ақшам намазын оқып бастағаны дұрысы. Егер оқу барысында құптанның уақыты кіріп кетсе де, оқып бастаған намазын соңына дейін аяқтауы тиіс. Уақыт шықпай тұрып бастап үлгергені үшін уақтылы оқылғанға саналады. Әйтсе де, жоғарыда айтып өткеніміздей ақшам намазын уақыты кірісімен көп кешіктірмей бірден оқып алуға мән берген дұрыс болады. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1«Менің ұмметім ақшам намазын жұлдыз қаптағанға дейін кешіктірмейінше, жақсылықта немесе (ислам) фытратында бола бермек».  (Әл-Хаким: әл-Мүстәдрак. №711 хадис).

Абдусамат Қасым