Ассаламуғалейкум! Бір кісі имамға ұйыған кезде, үшінші адам келіп ұйыса, сапты артқа қарай жылжып дұрыстау керек пе? Әлде алғашқы орнында тұра бере ма? Нұрмұхаммед.
|
Екі адам намаз оқып тұрғанда үшінші адам келсе, ол қай жерге тұруы керек?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Екі адам намаз оқығанда, бірі имам болып, екіншісі оның оң жағында бір қарыстай кейін тұрады, дәлірек айтқанда аяғының саусақ ұштары имамның тобығына келердей арақашықтықта тұрады. Сондай кезде үшінші адам келіп қосылатын болса, ол:
- Имамның сол жағына тұруына болады.
- Немесе имамның оң жағында тұрған адамды өзіне қарай бір қадам артқа ақырын тартуына болады. Ең абзалы осы делінген.
- Яки, имам сәжде жасаған жеріне дейін бір қадам ілгері жылжып, кейін келген кісінің оң жақта тұрған ұюшының жанына тұруына мүмкіндік жасайды[1].
Осы тұрғыда, біртоп жамағаттың имамды орталарына алып, өздері оның оңы мен солына тізілулері мәкруһ саналған. Имамнан бөлек екі, үш не одан көп ұюшы болса, имамның артында сап құрғандары дұрыс.
[1] Әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания – 1 /455 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?