Ассаламуалейкум! Сұрақ: Имам рүкуғтан тіктелген кезде "Раббәнә уә ләкәл-хамд" дұғасын іштей айта ма, әлде жамағат қана айта ма? Дәулетбай.
|
Имам рүкүғдан бас көтергенде "раббәнә ләкәл хамд" деп айта ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
1) Намазда имам болып тұрған кісі рүкуғдан бас көтерерде «сәмиъаллаһу лимән хамидәһ» деп айтумен шектеледі, қосымша «раббәна ләкәл хамд» дұғасын айтпайды.
2) Ұйып тұрған жамағат болса, керісінше «сәмиъалланы» айтпайды, «раббәнә ләкәл хамд» дұғасын айтады.
3) Жалғыз оқыған кісі – екеуін де айтады.
Осы тұрғыда «раббәнә ләкәл хамд» (немесе раббәнә уә ләкәл хамд) дұғасын имамның да айтқаны абзал дейтін Ханафи ғалымдары бар. Олай деушілер – Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед және кейінгі буын Ханафи ғалымдарының бірсыпырасы[1]. Сондықтан да, имам кісі «раббәнә ләкәл хамд» деп айтып қойған болса, намазға зияны жоқ.
[1] Абдульғани әл-Мәйдәни: «Лүбәб». 1/82 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Алматы – жер жәннәты» деп айту күпірлік пе?
Көп оқылғандар