Жолаушы кісі барған жерінде "15 күн қалуға" ниет қылса, ол уақытша жолаушы болудан шығып, намаздарын қысқартпай оқиды делінеді. Енді, білгім келгені: Осы 15 күнді есептейтін кезде жолға кеткен күндерді де қосып есептей ме, әлде олар өз алдына бөлек пе? Сұрағым түсініксіз болса, кешірім сұраймын.
|
Жолаушы намазындағы "15 күн қалса..." деген үкімге жолға кеткен күндер қосыла ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы, өзіңіз айтқандай, сапардағы адам әлдебір елді-мекенде 15 күн не одан көп уақыт қалуды ұйғарса, ол жер бұл үшін "уақытша отан" саналып, намаздарын қысқартпай толық оқиды.
Ендігі жерде, барған жерінде қанша күн қалатындығын есептейтін кезде, жолға кеткен күндерді де қосып есептей ме? әл-Жауап: оған жолға кеткен күндерді қосып есептемейді. Мысалы, үш тәулік жүріп жеткен жерінде 12 күн қалатын болып шешті делік. Бұл кісі жолға кеткен үш тәулікті де қосып, "15 күн" деп есептемейді. Жолға кеткен күндер бөлек, ал, уақытша мекенде қалатын күндері бөлек.
Өзекті сұрақтар
■
«Анасының маңдайынан сүйген бала тозаққа түспейді» деген хадис рас хадис па?
■
Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?