Жолаушының намазына қатысты сұрақ
Жолаушының намазына қатысты сұрақ
5 жыл бұрын 5047

Ассалаумагалейкум! Сұрақ: Бесін намазы сапарда болғанда кіріп (жолда), үйге жеткенде уақыты әлі шықпаса, толық оқыла ма, әлде сапар ма? Нұрлыбек Сабырғалиев

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!  

Егер, жолаушы кісі уақыты кірген намазды жол-жөнекей оқымаған болса, тұрақты елді-мекеніне кірген кезде әлі уақыты шықпаған ол намазды қысқартпай толық оқиды. Ал, жол-жөнекей оқып қойған жағдайда, қайта оқудың қажеті жоқ.  

Абдусамат Қасым