Киімге қан жағылса, намазға қаншалықты зияны бар?
Киімге қан жағылса, намазға қаншалықты зияны бар?
2 жыл бұрын 4908

Әссәләму уа алейкум уа рахматулаһи уа баракатуһ! Сұрақ: киімге жылқы малынын құлағына таңба салу мақсатында кескенде киіміме қан жағылса, ол нәжіс болып санала ма? Намаз оқуыма кедергі келтіре ме? Қан жағылғанын ұмытып кетіп, оқыған намазым қаза болып санала ма? Ғали.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғатта қан – «үлкен нәжістер» қатарынан саналатындықтан, киімге немесе дененің бір жеріне жағылған жағдайда, жағылған жерді жуып тастау керек немесе киім ауыстыру керек.

Сіздің жағдайға келер болсақ, киіміңізге жағылған қанның көлемі - егер алақан ойығындай көлемде болса оқыған намазыңыз саналмайды. Ал одан аз көлемде болса, оқыған намазыңыз есептеледі.

Осы тұрғыда, қан шашыраған болса не істемек керек?

Ол кезде қараймыз: шашыраған қандарды көз өлшеммен топтастырғанда, егер алақан ойығындай көлемге жететіндей болса, намазға кедергі, одан аз болса, намазға кедергі емес, оқыған намазыңыз саналады.

("Алақан ойығы" дегеніміз, шамамен темір елу теңгенің көлеміндей).

Абдусамат Қасым