Намазды көзді жумып оқу дурыс па? Дилшат.
|
Намазды көзді жұмып оқыған дұрыс па?
|
Сәлеметсіз бе, Дильшат! Намазды көзді жұмбай оқыған абзал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөздерінің бірінде былай деп ескертеді:
"إِذَا قَامَ أَحَدُكُمْ فِي الصَّلاةِ فَلا يُغْمِضْ عَيْنَيْهِ". رواه الطبراني
«Сендерден әлдекім намазға тұрғанда, көзін жұмбасын»[1].
Алла елшісінің бұл ескертуін ғалымдарымыз «жеңіл мәкруһке» балаған. Ол дегеніміз, намазда көзді жұмған болсаңыз да намазыңыз есептеледі, алайда көзді жұмбай оқу абзал дегенді білдіреді.
Десе де, намазды ықыласпен оқу үшін көзін жұмып жатса, оған рұқсат дейді Ханафи ғалымдары[2].
Алла жасаған құлышылқтарыңызды қабыл еткей!
[1] Имам Табарани; Хайсами, Мәжмағуз-зәуәид №2450 хадис. Сахаба Абдулла ибн Аббастан риуаят етілген.
[2] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?