Қаза намазы бар кісі алдымен уақыты кірген намазын оқыса, ол намазы есептеле ме?
Қаза намазы бар кісі алдымен уақыты кірген намазын оқыса, ол намазы есептеле ме?
9 ай бұрын 3170

Қазасы бола тұра парыз намазын оқыса, сол оқыған намазы қаза болып санала ма?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.

Шариғатта «тәртіп иесі» деген ұғым бар. Мойнында қаза намаздары жоқ немесе бар болғанымен олардың саны (мойнындағы өтелмеген қаза намаздарының саны) алтауға жетпейтін мұсылман - тәртіп иесі деп аталады. Тәртіп иесі - алдымен қазасын өтеп, одан кейін уақыты кірген намазын оқуы тиіс. Егер қаза намазы барын біле тұра уақыты кірген намазын оқыса, ол есептелмейді, алдымен қазаны өтеп, одан кейін уақыты кірген намазды қайта оқуы керек болады. Ал мойнында өтелмеген қаза намаздарының саны - алты не одан көп болса, ол мұсылман «тәртіп иесі» болып есептелмейді, сәйкесінше, алдымен уақыты кірген намазды оқып, артынан қазаларын өтеп жатса да бола береді. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!1 


1Тәртіп иесі жайында қосымша білгіңіз келсе «Сахибут тәртиб» дегеніміз кім? атты жазбамызды оқысаңыз болады.

Абдусамат Қасым