«Сәһу» сәждесін жасау керектігі сәлем бергеннен кейін есіне түссе, не істейді?
|
«Сәһу» сәждесін жасау керектігі сәлем бергеннен кейін есіне түссе, не істейді?
|
Намаз оқу барысында «сәһу» сәжде жасау керектігін ұмытып, екі жағына сәлем бергеннен кейін есіне түссе:
- Сөйлемейді,
- Құбыладан денесін бұрмайды,
- Тәшәһһуд отырысынан тұрмайды,
- Екі сәжде - «сәһу» сәждесін жасайды.
- Артынан «аттахият» дұғасын оқып, қайта екі жаққа сәлем беріп намазын аяқтайды.
Сәлемнен кейін сөйлеп қойған жағдайда (сондай-ақ, күлсе, ішіп-жесе т.б. намаз бұзар әрекеттерді істесе) немесе отырған орнынан тұрса, яки, денесі құбыладан ауытқыса, ол кезде сәһу сәждесін жасау мүмкіндігі жойылады, бірақ намазы саналады, қайта оқудың қажеті жоқ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?