Сүннет намаздарын отырып оқыса бола ма?
Сүннет намаздарын отырып оқыса бола ма?
2 жыл бұрын 3678

Ассаламуалейкум, ұстаз! сүннет намаздар нәпілге жата ма, мысалы, бекітілген сүннеттер? Сол кеше фиқһтан намаз бабында келді, нәпілдер жайында енді осы сүннеттерді себепсіз отырып ишарамен оқыса болама?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сүннет намаздар – нәпіл намаздардан бір саты жоғары. Олардың үкімі нәпілден гөрі, уәжіпке жақынырақ. Кітаптарда «мүәккәд сүннеттер – уәжіпке жақын» делінген[1]. Ал кей кітаптарда сүннет намазын да «нәпіл» деп атауының себебі – тілдік тұрғыда, үкім тұрғысынан емес[2]. Дейтұрғанымен, ғалымдарымыз сүннет намаздарын да, нәпіл намаздары секілді, үзірсіз отырып оқуға болады дейді. Бұған қатысты фиқһ кітаптарында: «Нәпіл намаздарды, мейлі бекітілген сүннеттер болсын, мейлі мұстахаб намаздар болсын, тұрып оқуға күші жетсе де отырып оқи береді»[3] делінеді. Алайда, таң намазының орны ерекше, оны уәжіп намазбен теңейтіндер бар, сондықтан да, таңның сүннетін үзірсіз отырып оқуға болмайды, қалған сүннет намаздарын отырып оқуға болады.


[1] Ибн Ғабидин: «Роддуль мұхтәр». 1\219  бет.
[2] Өйткені «нәпіл» деген «қосымша» деген сөз. Сүннет те парызға қосымша намаз ретінде бекітілгендіктен, оларға да кей кітаптарда «нәпіл» сөзі тілдік мағынада қолданылған.
[3] Мәйдәни: «Лүбәб». Бәбун нәуәфиль.

Абдусамат Қасым