Жаназаға байланысты сұрақ
Жаназаға байланысты сұрақ
2 жыл бұрын 5483

Ассалаумағалайкум! Шетінеп кеткен ер баланы сүндетке отырғызып жерлей ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қайтыс болған адамның шашы мен сақалы таралмайды және тырнақтары мен түктері алынбайды. Сондай-ақ, мәйіттер сүндетке отырғызылмайды, мархұм, мейлі бала болсын, мейлі кәмілет жастағы болсын. «Өлі сүндеттелмейді» дейді ғалымдар[1]. Өйткені сүндеттеу - тірілерге қатысты амал.


[1] Бәдруддин ал-Айни: «әл-Бинәя». 3\190.

Абдусамат Қасым