Таң намазын жамағат болып, төрт рәкәғат етіп оқып қойдық. Намаз санала ма?
Таң намазын жамағат болып, төрт рәкәғат етіп оқып қойдық. Намаз санала ма?
2 жыл бұрын 4644

Ассәләмуғалейкум! Екі ракат парыз намазы, яғни тан намазын екі ракатін жамағат болып төрт ракат етіп оқып қойдық,енді не істей аламыз жамағатпен қайта оқимызба жауап бере аласызба? Абдульазиз.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Егер, екінші рәкәғаттан кейін «әттахият» отырысына отырған болсаңыздар, намаз дұрыс. Қайта оқудың қажеті жоқ [1].

- Ондай кезде сәһу сәждесін жасау керек пе?

- Қатесін намаздан шықпай тұрып аңғарған имам (немесе жеке оқушы) соңында сәһу сәждесін жасауы тиіс. 

 - Сәһу сәждесі жасалмаған болса, намаз дұрыс па?

- Ұмытып не білмей, яки күн шығуға таяған себепті сәһу сәждесін жасамаған болса, намаз саналады, қайта оқудың қажеті жоқ.

- Төрт рәкәғат қылып оқыған таң намазының екінші рәкәғатында отырмаған болсақ, ол намаз санала ма?

- Екінші рәкәғаттан кейін әттәхиятқа отырмаған болсаңыздар, таң намазы саналмайды, қайта оқу керек болады.

- Не себепті?

- Намаздың ішкі парыздарының бірі саналатын соңғы отырысқа отыру парызы орындалмағаны себепті.


[1] «әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания», 1\528 (529). 

Абдусамат Қасым