Таң намазының қазасы дауыстап оқыла ма?
Таң намазының қазасы дауыстап оқыла ма?
5 жыл бұрын 18745

Ассаламуғалейкум! Таң намазының қазасы дауыстап оқыла ма, іштей оқыла ма? Дәурен.

Уағалейкумуссәләм!

Дауыстап оқылатын намаздың қазасын екі, үш т.б. адам жамағат боп өтеген жағдайда имамдыққа шыққан кісі әдеттегідей бастапқы екі рәкәғатын дауыстап оқиды. Күндіз өтесін, мейлі түнде өтесін дауыстап оқиды. Ал қазаны өз бетінше өтейтін кісінің өз еркі: қаласа дауыстап оқиды, қаласа іштей оқиды. Әйтсе де, дауыстап оқығаны абзал[1]. Іштей оқылуы керек намаздардың қазасы жамағатпен де, жалғыз оқығанда да іштей оқылуы керек.

Сондықтан да, таң намазының қазасын жалғыз өтейтін кезде, оны (яғни, парызын) дауыстап оқуға немесе іштей оқуға еріктісіз. Дауыстап оқығаныңыз абзалырақ.