Тәспих намазының оқылу реті қалай?
Тәспих намазының оқылу реті қалай?
9 жыл бұрын 40079

Тәспих намазының оқылу реті қалай? Исанова Зарина

Тәс­бих на­ма­зы­ның сауабы көп. Бұл на­маз­ды әр­қа­шан оқу­ға бо­ла­ды. Ап­та­сы­на бір рет не­ме­се айын­а бір рет, тым бол­ма­са өмі­рін­де бір рет оқу ке­рек. Тәс­бих на­ма­зы–төрт рә­кат. Әр­бір рә­кат­та «Фа­ти­ха» мен бір сү­ре оқы­ла­ды. Бір не­ме­се екі сә­лем­мен аяқ­та­ла­ды. Осы на­маз­да үш жүз рет:

{سُبْحَانَ اللهِ وَ الْحَمْدُ للهِ وَ لاَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ وَ اللهُ اَكْبَرُ}

 «Суб­хан-Аллаһи уәл-хам­ду лил­лә­һи уә ләә илә­һә ил­лал-ла­һу уаллаһу әк­бар» тәс­би­хы оқы­ла­ды. Яғ­ни, әр­бір рә­кат­та жет­піс бес рет тәс­бих оқы­ла­ды.

Ниет етіп, қол байла­нып, суб­ха­на­ка­дан кейін он бес рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Со­дан кейін "Ә'узу-бис­мил­лаһ", «Фа­ти­ха» жә­не "бір сү­ре" оқы­лып, қайта­дан осы «тәс­бих» он рет оқы­ла­ды. Со­дан кейін рү­күғ­ке ба­ра­ды. Үш рет рү­күғ тәс­би­хі ай­тыл­ған соң, сол жер­де он рет та­ғы да осы «тәс­бих» оқы­ла­ды».

Со­дан кейін қиям­ға бар­ған кез­де сол жер­де он рет оқы­ла­ды. Одан кейін сәж­де­ге ба­ра­ды.

Сәж­де тәс­би­хы айты­лы­сы­мен ар­тын­ша он рет «тәс­бих» оқы­ла­ды. Сәж­де­ден тәк­бір ай­тып тұ­ра­ды да, екі сәж­де ара­сын­да та­ғы да он рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Қайта тәк­бір ай­тып, сәж­де­ге ба­рып, сәж­де тәс­би­хін айт­қан соң, он рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Со­ны­мен бә­рі қо­сы­лып, жет­піс бес­ке же­те­ді.

Осы­дан кейін екін­ші рә­кат­қа тұ­ра­ды да, сол рә­кат­ты дәл осы­лай оқып оты­ра­ды. Оты­рыс­та «әт-та­хият» пен «салауат» оқы­ла­ды. Осы­мен «тәс­бих» жүз елу­ге же­те­ді. Осы­дан кейін сә­лем бе­ріп яки сә­лем бер­мей үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Осы соң­ғы екі рә­кат дәл ал­дың­ғы­дай оқы­ла­ды. Осы­лайша үш жүз «тәс­бих» оқы­ла­ды.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) не­ме­ре аға­сы Аб­бас­қа тәс­бих на­ма­зын үйре­тіп жа­тып, осы на­маз­ды оқы­ған жан­ның құм үйін­ді­сін­дей кү­нә­ла­ры бол­са да, Аллаһ сөз­сіз ке­ші­ре­ті­нін айта­ды. [Тирмизи,Уитир,19.].

Тәс­бих на­ма­зын­да жа­ңы­лыс­қан жағ­дайда, сә­һу сәж­де­сін­де бұл тәс­бих­тар қайта­ла­нып оқыл­майды. Бұл на­маз­ды оқы­ған адам тәс­бих­тар­ды ойы­мен са­най ал­са, сау­сақ­та­ры­мен са­на­майды. Имам тәс­бих на­ма­зын оқыт­са, жа­рия оқи­ды. Тәс­бих­тар­ды да жа­рия түр­де оқи­ды.

"Ислам ғылымхалы". М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы.