Вахтада 15 күн қалсам, сол күнге жолға кеткен күндерді қосып есептеймін бе, әлде одан бөлек 15 күн қалуым керек пе?
Вахтада 15 күн қалсам, сол күнге жолға кеткен күндерді қосып есептеймін бе, әлде одан бөлек 15 күн қалуым керек пе?
3 жыл бұрын 6716

Ассаламуалейкум! Сұрағым біра еді. Сапарға шыққанда поезда бір жарым күн жүремін. Сол жүргенім сапарға есептеле ме? 15 күн вахтада жүретін едім. Егер поездағы барып келгенім есептелмесе, сапар оқитын едім. Осы жайыл айтсаңыз. Алла разы болсын!  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ереже бойынша, жолаушы кісі барған жерінде он бес тәулік не одан көп күнге қалуды ұйғарған болса, жолаушылық үкімі уақытша тоқтайды және намаздарын толық оқиды. Ендігі жерде, он бес күн қалу дегеніміз, жолға кеткен күндерді есептегенде ме, әлде одан бөлек пе?

Жолға кеткен күндерді қосып есептемегенде он бес тәулік. Он бес күнге жолға кеткен күндер қосылмайды. Ол бөлек.

Сондықтан да, егер жолыңызға кететін бір жарым күнді есептемегенде, вахтадағы жұмысыңыз он бес тәуліктен кем болса, онда жолаушы ретінде намазды қысқартып оқуыңызға болады.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым