Арақ-шарап сақтайтын қоймада жұмыс істеу дін жөнінен қаншалықты дұрыс?
Арақ-шарап сақтайтын қоймада жұмыс істеу дін жөнінен қаншалықты дұрыс?
3 жыл бұрын 3412

Сәлеметсіз бе! Арақ-шарап сақтайтын қоймада жұмыс жасау қаншалықты дұрыс? Фирмалардан арақ-шарапты қабылдап алып, оларды барменге беру—жұмысым.

Сәлеметсіз бе!

Кілең арақ-шарап сақтайтын қоймада жұмыс істеу дінде құпталмайды. Сондықтан да, басқа жұмыс орнын іздеп көргеніңіз дұрыс. Өйткені, Пайғамбарымыздан (с.а.у.) жеткен араққа қатысты хадис шәрифтердің бірінде былай делінген:

فعنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ قَالَ: (لَعَنَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي الْخَمْرِ عَشْرَةً: عَاصِرَهَا، وَمُعْتَصِرَهَا، وَشَارِبَهَا، وَحَامِلَهَا، وَالْمَحْمُولَةُ إِلَيْهِ، وَسَاقِيَهَا، وَبَائِعَهَا، وَآكِلَ ثَمَنِهَا، وَالْمُشْتَرِي لَهَا، وَالْمُشْتَرَاةُ لَهُ) رواه الترمذي.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шарапқа қатысты он түрлі адамды лағынеттеді: сығушыны, сықтырушыны, ішушіні, тасушыны, апарып берілген адамды, құюшыны, сатушыны, одан түскен табысты жеушіні, оны сатып алушыны және сатып алып берілген адамды»[1].


[1] Имам Тирмизи: «Сүнән». 1295; Әбу Дәуід: Сүнән. Сахих хадис.

Абдусамат Қасым