Аузы берік адам адыраспан тұтатса, оразасына зияны тие ме?
Аузы берік адам адыраспан тұтатса, оразасына зияны тие ме?
10 ай бұрын 1924

Ассәләму аләйкум уә раһмәтуллоһи уә бәракәтуһу! Ораза адам үйде адыраспан түтатса, оразаға кедергі бола ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ауыз ашардан кейінгі уақыттарда адыраспанды тұтатса, оразаға зияны жоқ. Және тұтатқаннан кейінгі иістің үйде қалуы оразаға кедергісі болмайды. Бірақ күндіз ауыз берік кезде тұтатпаған жақсы. Өйткені, адыраспанды тұтатқанда көп мөлшерде түтін шығатындығы мәлім. Шыққан түтін ішке кетуі мүмкін. Ханафи ғалымдары «ерікті түрде түтінді жұтқан адамның оразасы бұзылады» деген. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым