"Аузым берік, бірақ біреу мені қатты ренжітті, оразам бұзыла ма?"
"Аузым берік, бірақ біреу мені қатты ренжітті, оразам бұзыла ма?"
2 ай бұрын 2449

Мең ораза ұстадым, бірақ мені бір адам қатты ренішті. Енді мен ашуымды, ренжімді басалмадым, ойымнаң кетпейді, ішім күйіп умыталмайды. не істеуге болады? Ораза бұзылмайды ма?

Бисмилләһир рахманир рахим

Құрметті сауал жолдаушы, ренжіген себепті ораза бұзылмайды. Алайда, іштегі реніш оразаның жемісті өткізуге кедергі келтірері сөзсіз. Сондықтан да, көкейдегі ренішті өшіріп, Рамазан айының берекесін ойлап «ораза ұстаумен қатар, қосымша қандай құлшылық түрлерін орындай аламын» дегенге жауап іздегеніңіз абзал. Өйткені, Рамазан айы сауапқа толы ай. Бұл айда оқылған бір нәпіл намаз бен бір мұстахаб амалдың сауабы – басқа айларда жасалған парыз амалдың сауабына тең, ал бұл айда орындалған парыз амалдың сауабы – өзге айларда орындалған жетпіс парыз амалға тең.Пайғамбырамыз (с.а.у.) қасиетті айдың сауапқа толы ай екендігіне былай деп назар аудартады: «Егер адамдар Рамазан оразасының сауабы қаншалықты екендігін білгенде «жылдың он екі айы Рамазан айы болса ғой» деп тілейтін еді»1.

Сондықтан да, дініміз әлдебіреу онымен жаңжалдасып, ұрысқысы келсе: «мен оразамын, мен оразамын» деп үндемей қойғаны оған пайдалырек екендігін үйретеді2.

Ендеше, іштегі ренішіңізді жойып, жаман ойды қуып тастағаныңыз дұрыс. Ол үшін әғузуді айтып, дәрет алып намаз оқыңыз және бір нәрсемен айналысуға тырысыңыз. Ал сізді ренжіткен адамды Аллаға тапсырыңыз. Ол үшін таусылудың қажеті шамалы. Сізді ренжіткен адамның өзі де көп ұзамай біреуден солай ренжиді. Өйткені, Құранда Алла Тағала: «кім зәрредей жамандық істесе, ол оны көреді» деп ескертеді.

Абдусамат Қасым


Табарани: «әл-Мұъжәмуль Кәбир».
Құран Кәрім, «Зілзәлә» сүресі, 8 аят.