Дәретте ауыз шайғаннан соң ауыздағы қалдықты жұта берсе бола ма? Ораза бұзылмай ма?
Дәретте ауыз шайғаннан соң ауыздағы қалдықты жұта берсе бола ма? Ораза бұзылмай ма?
2 ай бұрын 3775

Ассалаумағалейкум! Оразаға қатысты бірнеше сұрақ мазалап жүр еді. Намазда терлеп, терді жұтып қойғанда ораза бұзылады ма, себебі пәтер ыстық. Дәретте, ғұсылда ауыз шайып, түкіргеннен кейін қалғанын жұта берсе бола ма? Рақмет!

Бисмилләһир рахманир рахим

Дәрет алғанда ауыз шайған кезде, негізгі суды шығарып түкіріп тастағаннан соң, ауыз қуысында қалған ылғал «сілекей» үкімінде болатындықтан, жұтылған жағдайда оразаға зияны жоқ. Бұл - ауыз шайғанда алынатын судың негізгі бөлігін шығарып, түкіріп тастағаннан кейін ауыз қуысында қалатын ылғалға қатысты. Ал ауызды шаю үшін су алған кезде абайсызда жұтылып кетсе, ол оразаны бұзады, Рамазаннан кейін бір күн қазасын өтеу тиіс, абайсызда орын алған жағдай болғандықтан кәффарат керек емес, 

Терлеп, бір-екі тамшы тері жұтылса, оның оразаға зияны жоқ. Ал, ауыз қуысында тердің ашты дәмін сезетіндей көп мөлшерде жұтылса, ораза бұзылады1.


1  Бұрһануддин ибн Мәзә әл-Бұхари: «әл-Мұхит әл-Бүрһәни».

Абдусамат Қасым