Ораза ұстап жүріп спортпен айналысуға бола ма?
Ораза ұстап жүріп спортпен айналысуға бола ма?
3 жыл бұрын 6537

Ассалаумағалейкум! Ораза ұстап жүріп спортпен айналысуға бола ма? Бауыржан Аллаберген.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, ертеректегі ғалымдар ауыз берік кезде «хижама» жасату жайында айта келе: «егер, хижама жасату аузы берік адамның дірмәнін қашырып, денесінде әлсіздік тудыратын болса, хижама жасату мәкруһ болады» деген. (Хижама – қан алдыру арқылы емдеу тәсілі).

Осыған орай, ораза ұстап жүріп спорт жаттығуларын істеудің күнәсі жоқ. Оразасын бұзбайды. Бірақ, жай күндердегіден гөрі жаттығулар тізбегін азайтып, уақытын қысқартқаны абзал, мысалы, 45 минуттан асырмаған жақсы делінеді. Осылайша, аузы берік адамға қажетті әл-дірман мен бойдағы сұйықтықтың тер арқылы шығып, тез сарқылмауын қадалаған болады. Сондай-ақ, жаттығар уақытын да дұрыс таңдаған жөн, яғни, жаттығуды аузы берік адамға оңтайлы болар сәттерде істеген жақсы. Мысалы, ауыз ашардан жарты сағат, бір сағат бұрын немесе ауыз ашқаннан кейін 2-3 сағаттан соң дегендей т.б.

Алла Тағала Рамазан айының жеңіл әрі берекелі өтуін нәсіп етсін!

Абдусамат Қасым