Пітір садақасын туған бауырына беруге бола ма? Нұрбол.
|
Пітір садақасын туған бауырына беруге бола ма?
|
Пітір садақасын туған бауырына берген абзалырақ. Өйткені, өзгеге бергеннен, өз бауырына беру - екі есе сауап делінген. Бастысы бауырыңыз тұрмысы нашар, ақшаға мұқтаж мұсылман жан болуы тиіс. (Пітір садақасы – кедейдің ақысы. Ол тұрмысы нашар мұқтаж жанға беріледі).
Аталмыш мәселеге байланысты ардақты Алла елшісі Мұхаммед ғалейһиссәләм былай деген:
«Міскінге берілген садақа – бір садақа, ал жақынына берілген садақа – екі садақаның орнын басады. Оның бірі – берілген садақаның сауабы болса, екіншісі – туыстық байланыс орнатқаны үшін берілетін сауап»[1].
[1] Имам Ахмәд ибн Ханбәл
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?