Ассаламу алейкум! Менің сұрағым: біз ауылдағы үлкен ақсақалдар мен ауылдың молдасы айтатын «Жұма күні мал сойылмайды, жұма намазға дейін» деп. Бұл фиқһ кітаптарда олай келмеген, бұл дәстүрде негізі бар нәрсе ма? Алдын ала рақмет! Қалмырза Абайұлы
«Жұма күні мал союға болмайды» деген сөз естідім, сол дінде бар ма?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Бисмилләһир рахманир рахим
«Жұма күні намазға дейін құрбан шалуға болмайды» деген түсінік - Ислам дінінің «шиіт» ағымында бар. Олар оған байланысты өздерінің имамдарынан жеткен мынадай риуаятты келтіреді: «Алла елшісі (с.а.у.) жұма күні намаздан бұрын қан ағызып, мал союды мәкруһ санады, бірақ мәжбүрлік болса, ол басқа» делінген1. Алайда, бұл риуаят «Сунниттік» хадис жинақтарында орын алмаған және хадистің растығында күмән бар.
Сондықтан да, Ислам дінінде жұма күні мал сойыла береді, оның діни тұрғыда әбестігі жоқ. Бірақ жұма намазына кешігіп қалмас үшін, мал сою ісін ертерек қамданған жақсы.
Осы тұрғыда "Құрбан айт күні малды қашан соямыз?" деген де сауал келуі мүмкін. Оған қатысты айта кетелік: Құрбан айттың бірінші күні құрбан шалатын кісі құрбанын "айт намазы" оқылып болғаннан соң, шалулары тиіс. Айт намазы оқылмай тұрып құрбан шалынбайды.
Аллаһу аъләм.
1Кулайни (шиіт): «әл-Кәфи» кітабы.