Құрбанға байланысты әртүрлі 4 сұрақ
|

- Аталған малды құрбандыққа союға бола ма?
Сізге аталған мал болса, ол сіздің дүниеңіз, оны құрбандыққа шалуға еріктісіз. Ал басқа біреуге аталған малды егесінің рұқсатынсыз шалуға болмайды.
- Құрбан айт күні тұсау кестіруге бола ма?
Құрбан айттың өзі мейрам. Онымен тұсау кесу мейрамын бірге қосып атқарып жатса, мейрамның шырайын келтіре түсері анық. Әбестігі жоқ.
- Құрбандыққа шалынатын малды сатып алу міндет пе, әлде, қорадағы малды шалуға бола ма?
Құрбандыққа мал сатып алу шарт емес, қорадағы малдың бірін шалса да есептеледі, егер қой малы қымбатқа түсіп жатса, ешкі малын шалуға да болады.
- Малдың құлағында ен болса құрбандыққа жарамды ма?
Құлағында ен бар мал құрбандыққа жарамды. Бірақ, құлағының үштен бірі немесе жарымынан көбі кесілген болса, жарамайды. Ал құлағының ұшы кесілсе немесе құлағы тілінсе, оның құрбандыққа кедергі тұсы жоқ.
Алла құрбандарыңызды қабыл етсін!