Депозиттегі ақшаның зекеті беріле ме?
Депозиттегі ақшаның зекеті беріле ме?
4 жыл бұрын 5734

 Депозиттегі ақшаның зекеті беріле ме?

Депозитке салынған негізгі соманың зекеті беріледі, ал пайыздық үстеменің зекеті берілмейді. Өйткені, пайыздық үстеме - харам ақша. Харам ақшадан зекет берілмейді деген көпшілік Ислам ғұламалары. Бұған байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

لا تقبل صلاة بغير طهور ولا صدقة من غلول

«Дәретсіз намаз қабыл болмайды. Және де ұрлықы малдан садақа қабыл болмайды»[1].

Ендеше, өсіммен айналысатын Ислами емес банктегі депозитте сақтаулы негізгі сомаңыз ең аз 85 грамм алтыңға тең келіп, арадан бір жыл уақыт өткен болса, оның 2,5 пайызын зекет ретінде беруіңіз керек. Ал, пайыздық үстемесін болса, зекетке қоспай, оны өз алдына кедей-кепшіктерге немесе қайыр орындарына беріп құтылған дұрыс дейді қазіргі дін ғалымдары.

Неге депозиттегі пайыз харам?

Себебі, депозитке ақша салу – ол, пайызға қарыз бергенмен тең (долг под процент). Сіздің депозиттегі ақшаңыз - банкке берген қарызыңыз. Банк ай сайын сізден алған қарыз ақшаға үстеме ақша беріп отырады. Осылайша, берген қарызыңыздың үстінен өсім жеген боласыз. Ислам дінінде, өсім жеу үлкен күнә. Сондықтан да, депозит ашуға діни тұрғыда жол жоқ. Білместіктен банкте депозит аштырған болсаңыз, оны жаптырып, ақшаны ағымдағы шотқа ауыстырған жөн. Ағымдағы шоттағы ақшаңызға өсім қосылмайды. Елімізде Ислами банк жүйесі дамымағандықтан, жай банктерде ағымдағы шот аштырып, онда сақтауға болады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!  


[1] «Сахих Мүслім» -№224.

Абдусамат Қасым