Пітірді мұқтаж жанға бергенде "пітір" деп беру керек пе?
Пітірді мұқтаж жанға бергенде "пітір" деп беру керек пе?
3 жыл бұрын 12672

Ассаләмуғалейкум! Пітір садақаны «пітір» деп айтпай, «хадия» (сыйлық) деп берсе бола ма? Каспи картасына үндемей салып жіберсе бола ма? Ерлан. 

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Пітір садақасын, зекет сияқты, іштей ниет етіп кедей кісінің меншігіне тапсырады. Ниет – пітірге деп ақша бөлген кезде жасалады немесе мұқтаж жанға беретін кезде іштей пітір деп ниет етіп береді. Бірақ пітірді кедейге беретін кезде «пітір» екенін айтып берудің қажеті жоқ. Алатын адамның пітір екендігін білуі шарт емес. Сондықтан да, пітірді берерде «сыйлық» деп немесе «айттық» деп беріп жатсаңыз, оның ағаттығы жоқ. Бастысы, ниетіңіз – пітір садақасын беру болуы керек.   

Абдусамат Қасым