Әссәләәмуғалайкум! Ауыздан және мұрыннан «ПТР» тест алдыру оразаны бұза ма?! Нұрбол.
|
Коронавирусқа «ПТР» тестін тапсыру оразаны бұза ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Короновирусқа «ПТР» тестін тапсырарда «зонд» деп аталатын ұшы жұмсақ арнайы екі таяқша қолданылады. Бірін мұрынға тықса, екіншісін жұтқыншаққа тығып, керекті материалды сынамаға алады. ПТР сынамасын алу барысында асқазанға еш нәрсе кетпейтіндіктен, оразаны бұзбайды. Оразаңыз дұрыс.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?