Телефон операторларында көрсетілген «экстра баланс» қызметі халал ма? Ол өсімқорлыққа жатпайды ма? Оразай Қыдырбаев
|
«Экстра баланс» харам ба?
|
Ақшаны үстеме пайызбен қарызға беретін болса, шариғатта оны «өсім» дейді. Дегенмен телефон бірліктері ақша емес. Ол – телефон операторының берген сөйлесу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндікті «бірліктер (единица)» арқылы белгілеген. «Экстра Баланс» қызметі сізге ақша болып есептелмейтін «сөйлесу мүмкіндігін» қарызға артық құнымен сатып отыр. Құдды (ақша қатарына жатпайтын) өзге тауарды қарызға сатарда белгіленген құнынан артық бағаға сатқаны секілді. Сондықтан, «экстра баланс» қызметі үшін ұсталатын «құн» өсімге жатпайды, яғни харам емес. Ең дұрысын Алла біледі!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?