Жұмыстан ссуда берсе алуға бола ма?
Жұмыстан ссуда берсе алуға бола ма?
2 жыл бұрын 2742

Ассаләмуғалейкум! Мен намазхан адаммын. Өзімнің жасап жатқан компания үй алуға ссуда бергелі жатыр. Ол ссуданы алған дұрыс па? Жалпы шариғатымыз бұл тұралы не дейді? Рақмет.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ссуда деген, ақшаны немесе бір мүлікті қарызға беру деген сөз. Кредиттен айырмашылығы ссудаларда процент қосылмайды. Осы жөнінен алғанда, Ислам дініне қайшылығы жоқ деуге негіз бар. Сондықтан да, жұмыс орнынан сіз үшін үстеме төлемсіз (процентсіз) және айыппұлсыз (пенясыз) сондай жәрдем қарастырылып жатқан болса, оны қабыл етудің діни тұрғыда әбестігі жоқ. Ең дұрысы — Аллаға мәлім!



Абдусамат Қасым