Қарызға батқан кезде қандай дұға оқуға болады?
Қарызға батқан кезде қандай дұға оқуға болады?
8 жыл бұрын 41864

Әссәләмуғалейкум, аға! Қарызға батқан адам қандай дұғаны оқығаны абзал? Джанан

Уағалейкум әссәләм, Джанан! Әзіреті Әлидің халифа болып тұрған шағында бір адам келіп: «Уә, мүміндердің әмірі! Мен, (қожайынмен жасасқан келісім бойынша) «мүкәтәба»* қарызымды өтеуге қауқарсыз болып тұрмын. Көмек берші!» - деп өтінеді. Сонда Әзіреті Әли: «Саған Пайғамбарымыздың маған үйреткен сөздерді үйретейін бе? (Егер, соны оқысаң) «Сир* тауындай» қарызың болса да Алла тағала оны сенің орнына өтейді (күтпеген жерден ризықтандырып қояды).  Былай де:  Аллаһуммәк финии бихәләликә ан харомик. Уә ағнинии бифазликә аммән сиуәәк!»[1].

Мағынасы: О, Алла! Адал нәрселеріңді беріп, мені харам нәрселерден ұзақ ет. Және өзіңнің фазыл-берекетіңнен беріп, өзіңнен басқаға мұқтаж етпе! 

*Мүкәтәба – құлдың өз азаттығын белгілі ақшаға сатып алу мақсатында қожайынымен жасасқан келісім шарт.

*Сир тауы – Медине қаласының солтүстік батысында орналасқан үңгірлі тау.


[1] Тирмизи, №3515; әл-Хаким, әл-мүстәдрак - №1907 хадис.

Абдусамат Қасым