Қабірдегі қорқынышты үндерді жануарлар естиді
Қабірдегі қорқынышты үндерді жануарлар естиді
1 жыл бұрын 11663

 Айша (Алла  оған разы болсын): «Алла  елшісі (с.а.с.):

«Әлбетте, көрдегілер азап шегеді, олардың қиналған үнін жануарлар естиді»,– деді», – деген[1].

Умму Мубашшар (Алла  оған разы болсын): 

«Пайғамбар (с.а.с.) (үйіме) кіріп: «Алладан  қабір азабынан құтқаруды сұраңдар!» – деді. Сонда мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Көрде де азап бар ма?» – дедім. Ол: «Әлбетте, қабірдегілер азап шегеді, олардың қиналған дауыстарын жануарлар естиді», – деді», – деген[2].

Зәйд ибн Сәбит (Алла  оған разы болсын): 

«Пайғамбармен (с.а.с.) бірге бәріміз бәну нәжжәр тайпасына қарасты ауылдың тұсынан өтіп бара жатқанымызда ол кісінің қашыры кенет әлденеден үркіп, Пайғамбарды (с.а.с.) үстінен құлата жаздап жолдан шығып кетті. Сонда анадайдан алты-бес, әлде төрт бейіт көрінді. Пайғамбар (с.а.с.): «Бұлар қашан өлген еді?» – деп сұрады. Жолдастарымыздың бірі: «Мүшрік кездерінде», – деді. Сосын Пайғамбар (с.а.с.): «Әлбетте, бұл үмбет қабірлерінде сыналады. Егер сендер бір-бірлеріңді жерлейтін болмағандарыңда еді, сендерге Алладан  өзім естіп тұрған қабір азабын естіртуді сұрар едім», – деді», – деген[3].

Пайғамбар (с.а.с.) қабірлердің жанынан өткенде олардың дауысын есітетін болған. Егер адамдарда қабір азабының даусын есіту қабілеті болғанда, қабірге деген қорқыныштан олар мархұмдарын жерлемей қояр еді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір жерлеу рәсімі кезінде:

«Егер адам оны естісе қатты қорқып, естен танар еді», – деген[4]. 


[1]Әл-Бұхари, Муслим. 
[2]Ахмад, Ибн Хиббан.
[3]Муслим, Ахмад.
[4] Әл-Бұхари, Ахмад.

Мәжди Мұхаммед әш-Шиһәуи, "ҚАБІР АЗАБЫ".
Арабшадан аударған:
А.Зулай

0 пікір