Көшбасшылық сізге тән бе? (тест)
Көшбасшылық сізге тән бе? (тест)
1 жыл бұрын 2461
Дайындаған Биназир ЖАХАНША

Өзіңді өзің таны

Лидер болу үшін не керек? Ең бастысы, жеке биік мансапты орынды иелену, жауапкершілікті өз мойнына алу. Бұндай қасиет аспаннан түспейді, бірақ белгілі бір мағынада бұл–Құдайдың берген таланты. Талант еңбексіз ешнәрсеге жарамсыз. Сондықтан лидер ешқандай тосқауылдарға қарамастан алға өз мақсатына жетуге тырысу керек. Ал,  сіз лидерлік қабілетіңізді білгіңіз келсе, 10 пікірдің әр қайсысын мұқият оқыңыз және әріптік түрін таңдаңыз. 

Сұрақтары: 

1. Ойында сізге не маңызды?

  •    А. жеңіске жету
  •   Б. көңіл көтеру

2. Ортақ әңгімеде нені дұрыс көресіз?

  • А. басқалардың ұсыныстарын тыңдап, сынау.
  • Б. бастаманы қолға алып, бір нәрсеге ұсыныс тастау.

3. Жеке тартыс-егестіктерге араласпай, сіз туралы айтылған сынға шыдамдылық  көрсете аласыз ба?

  • А. иә.
  • Б.  жоқ.

4. Жұрт көзінше сізді мақтағанды ұнатасыз ба?

  • А. иә.
  • Б.  жоқ.

5. Барлық жағдай,  көпшіліктің пікірі сізге қарсы тұрғанда, өзіңіздің пікіріңізді қорғайсыз ба?

  • А. иә.
  • Б.  жоқ.

6. Топ ішінде,  жалпы жұмыста сіз басқаларға қызықты нәрсе ойластырып, үнемі бастаушы боласыз ба?

  • А. иә.
  • Б.  жоқ.

7. Айналадағылардан өзіңіздің көңіл күйіңізді жасыра аласыз ба?

  • А. иә.
  • Б. жоқ.

8. Жасы үлкендердің айтқанын үнемі шапшаң,  қалтқысыз орындайсыз ба?

  • А. иә.
  • Б. жоқ.

9. Әңгімеде,  пікірталастарда сізбен бұрын келіспеген адамдарды өз жағыңызға тарта аласыз ба?

  • А. иә.
  • Б. жоқ.

10.  Басқаларды оқыту,  тәрбиелеу,  кеңес беру,  үйрету ұнай ма?

  • А. иә.
  • Б. жоқ.

 Тестің нәтижесі

– лидерліктің жоғары деңгейі А жауаптарының саны–7-10

– лидерліктің орташа деңгейі А жауаптарының саны–4-6

– лидерліктің төменгі деңгейі А жауаптарының саны–1-3

"Б" жауаптарының басым болуы лидерліктің өте төмен екенін көрсетеді.

 Дереккөз: old.aqmeshit-zhastary.kz

 

0 пікір