«Мұқағалидың дінді ғылымнан жоғары қоюы – жаңалық»
«Мұқағалидың дінді ғылымнан жоғары қоюы – жаңалық»
17 күн бұрын 1633
Ғарифолла Есім, профессор, доктор.
«Болмыс, рух дегендер ақын Мұқағали үшін бөлінбейтін тұтас бір дүние. Ол - әлем. Мұқағали әлемін анықтайтын қазақы болмыс, қазақ рухы. Бір шетінен екінші шеті үш мың шақырымды құрайтын қазақ даласы ақынның шөлін қандырған рухани азығы. Сондықтан қай өңірге барсаң да алдыңнан Мұқағали шыға келеді. Мектеп оқушыларынан бастап еңкейген кәріге дейін оның өлеңдерін жатқа оқиды»,

- дейді Ғарифолла Есім.

Оның айтуынша, ақындық ғұламалық деген кезде қолданатын өлшем бар. Ол - хакім. Яғни Мұқағали хакім. Хакім деген - дүние сырын іздеуші.

«Мұқағалидың дінді ғылымнан жоғары қоюы - жаңалық. Ол ғылымда енді ғана айқындала бастаған жәйт. Мұқағали өмір сүрген заманда ғылым мен білім жоғары саналатын. Ғылым жаратушының жаратқан кереметтерін зерттейді. Жаратушының өзін зерттей алмайды. Мұқағали сондықтан да "Дін - ғылымның анасы" деген түйін жасаған. Бұл қазақты дінтануда өзгелерден алға шығарып отыр»,

- дейді философия ғылымының докторы, профессор Ғ.Есім1.

Дін - ғылымның анасы...

«Дін – ғылымның анасы». Бұл – Мұқағали Мақатаевтың өткен ғасырдың 70-жылдары жазған өлеңінің алғашқы жолы. Ол заманда атеизм (дінсіздіктің идеологиясы) мемлекеттің саяси қызметін атқарғаны көпшілікке белгілі. Дінді ғайбаттап сөз сөйлеу кеңестік мәдениеттің бір өлшемі болатын. Қоғамдағы саяси ағымға сай, ақындар да дінді сынап жазуды дәстүрге айналдыра бастаған. Сол «Құдайсыз заманға» тап болған ұрпақтың өкілдерінің бірі ақын Мұқағали Мақатаев еді, бірақ оның сөзі өзгеше болды. Жоғарғы жақтағыларға дінді қаралап жазса ұнайтынын, марапат тарға ие болатынын ақын білді. Алайда Мұқағали ол жолға түспеді. Жаны жаралы болып, дүйім жұрттың ішінде жалғызсырап, сергелдеңде жүргенде тұла бойына табиғи болмысымен енген мұсылмандық нұрын шашпай-төкпей сақтап, ешкімге ұқсамайтын дін туралы өзінің формуласын ұсынды, оның дінді ғылымның анасы дегені даналықтың үлгісі еді», 

- деп түйіндейді философ ғалым2.


1 https://kaz.inform.kz/news/mukagalidyn-dindi-gylymnan-zhogary-koyuy-zhanalyk-garifolla-esim_a2396200/?utm_source=chatgpt.com 
2https://www.facebook.com/mangi.makataev/posts/10150510208046778/

0 пікір