Абдулла ибн Әби мен яхуди арасында болған оқиға
Абдулла ибн Әби мен яхуди арасында болған оқиға
9 жыл бұрын 4507

Абдулла бин Әби Хадрет Әл-Әсләми (р.а.) айтады: «Бір яхудиге төрт дирхам қарыз болатынмын. Ол менің үстімнен Пайғамбарымызға (с.а.у.) шағымданып: «Уа, Мұхаммед, мына адамда төрт дирхам алашағым бар еді, бермейді, маған көмектес» дейді. Расулулла: «Оның ақысын бер» деді. Мен: «Сені хақ дінмен жіберушіге ант етемін, дәл қазір төрт дирхамды төлейтіндей шамам жоқ» дедім. Алла расулы: «Оның ақысын бер» деді. Мен: «Жанымды уысымда ұстаған Аллаға ант етемін, төлейтін шамам жоқ. Сіздің бізді Хайбарға аттандыратыныңнан сол жерде сарбаздарға үлестіретін олжадан мені де құр қалдырмайтыныңа үміттенемін, Хайбардан қайтқан соң қайтарып берейін қарызын» дедім. Алла расулы үшінші рет: «Оның ақысын бер» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) не нәрсені сөз етсе, соны үш рет қайталайды. Мәселе сонымен жабылатын.

Хадисті жеткізуші айтады: «Содан Абдулла басына сәлдесін орап, шапанын киіп базарға шықты. Сәлдесін шешіп, беліне байлады. Шапанын шешіп, яхудиге: «Мұны саған берейін» дейді. Яхуди шапанды төрт дирхамға сатып алады. Сол кезде егде тартқан бір әйел Абдуллаға: «Ей, Алла расулының досы, саған не болған?» - деп сұрайды. Ол болған жағдайды айтады. Әйел өзінің шапанын Абдулланың иығына жабады[1].

[1] Ибн Хажер, Әл Исабе 2/295

2 пікір
  • Бұл болған оқиға қандай сабақ береді?
    9 жыл бұрын
    • Мүмкін, мұсылманның қарызы болса, тезірек қайтаруға тырысу керектігінің маңызы туралы шығар. Ол Хайбардан келер-келмесін қайдан білсін. Сол сияқты бізде қашан бұл өмірден өтетінімізді білмейміз.
      Пайғамбарымыз (с.а.у.) да Меккеден кетерде орнына Əлиді(р.а.) қарыздарын өтеуге қалдырды емес пе?
      Біраұ бұл менің ойым ғана...
      9 жыл бұрын